Айыртаулық фермерлер А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдарының ұсыныстарымен танысты
Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында аудан әкімі Меңдібаев Мейрам Жақсылықұлының қатысуымен алдағы себу науқанын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша агрокеңес өтті. Іс-шараға қатысушылар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, СҚО АШТС өкілдері, А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары, ҚазАгроҚаржы өңірлік басшылары, жергілікті кәсіподақ бірлестігінің басшылары, салалық сервистік компаниялардың өкілдері агрометеорологиялық ерекшеліктер мен нарықтық өзгерістерді ескере отырып, көктемгі егістік жұмыстарының өзекті мәселелерін талқылауға белсенді қатысты.
А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғылыми қызметкерлері, нақты егіншілік зертханасының меңгерушісі Жанзаков Бахтияр Жетписбаевич және танаптық дақылдардың агротехникасы және өсімдік шаруашылығын әртараптандыру зертханасының меңгерушісі Курбанбаев Алмас Измуратович метеорологиялық болжамдар, тиімді агротехнологияларды қолдану мәселелеріне қатысты өз әріптестерінің ұсынымдарының негізгі тәсілдерін таныстырды. Ұсынылған себу мерзімдеріне, себу мөлшеріне және негізгі дақылдардың тұқымдарын себу тереңдігіне, ауыспалы егіске, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау жүйесін қолдануға, сондай-ақ аймақтың топырақ-климаттық аймағы үшін әр түрлі пісетін сорттардың оңтайлы арақатынасына ерекше назар аударылды. Айыртаулық шаруалар өздерін қызықтырған сұрақтарды белсенді түрде көтеріп, оларға сауатты жауаптар алуға мүмкіндік алды.

109 -рет қаралды