"А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО" ЖШС егін жинау науқаны сәтті аяқталды!


Жаңалықтар


"А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС-де 2025 жылғы егін жинау науқаны аяқталды. Бұл нәтиже – кездейсоқтық емес, Орталықтың соңғы жылдары тұрақты әрі мол өнім алуға бағытталған, күрт континенталды климат жағдайында жүргізген жүйелі жұмысының жемісі.
Осы маусымның ауа-райы жағдайлары дәнді дақылдардың жақсы пісуіне және уақтылы жиналуына қолайлы болды, бұл өз кезегінде сапалы астықты сақтап қалуға мүмкіндік берді. Шаруашылық бойынша орташа өнімділік гектарына 23 центнерді құрады, бұл қауіпті егіншілік аймағы үшін лайықты нәтиже.
Егін жинауға заманауи ауылшаруашылық техникасы, соның ішінде жаңа астық жинайтын комбайндар тартылды, бұл егін жинау кезінде жоғары қарқын мен минималды шығынды қамтамасыз етті. Инженерлік-техникалық қызметтерді сауатты ұйымдастырудың және машина паркіне уақтылы қызмет көрсетудің арқасында барлық жұмыстар тоқтаусыз және өнім шығынынсыз жиналды. Бұған Орталықтың бас инженері-Абильдин Дархан Серікұлы үлкен үлес қосты.
Егістік жұмыстарын ұйымдастырудың жоғары деңгейіне және агротехнологиялық процестерді бақылауға бас ғалым агроном — Ташенов Мақсұт Жалелұлы жауапты болды. Оның басшылығымен ылғалды сақтау, себудің оңтайлы мерзімдерін анықтау және өсімдіктерді қорғау бойынша тиімді шаралар іске асырылды.
Орталық ғалымдары – селекционерлер, агрохимиктер, агротехнологтар, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандар – жоғары нәтижелерге қол жеткізуге елеулі үлес қосты. Көпжылдық зерттеулер мен өндіріске инновациялық технологияларды енгізу дақылдардың өнімділігін, тұрақтылығын және тұқым материалының сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
Орталықтың селекционерлері Солтүстік Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайларына бейімделген, құрғақшылыққа және ауруларға төзімді сорттарды жасап, оларды ілгерілетуде. Өсімдіктерді қорғау саласының мамандары егістіктердің фитосанитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етті, агрохимиктер дақылдардың теңгерімді қоректенуін ұйымдастырды, ал агротехнологтар топырақты өңдеудің және ылғалды сақтаудың заманауи тәсілдерін енгізді. Ғылым мен тәжірибенің өзара ықпалдастығы табысты орақ науқанының кілтіне айналды.
Егін жинау науқаны аяқталғаннан кейін ұжым келесі кезең — 2026 жылғы маусымға тұқымдық материалды тазарту, калибрлеу және дайындауға кірісті. Бұл өңірдің ауыл шаруашылығы өндірушілерін отандық селекцияның сапалы тұқымымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Орталықтың барша ұжымына олардың адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және қазақстандық аграрлық ғылымды дамытуға берілгендігі үшін алғыс айтамыз!
скачать dle 12.0
3 146 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх