Арпаға орақ түсті


Жаңалықтар
Биылғы жылы ғылыми өндірістік орталығы 195 га жерге арпа еккен болатын.Қазіргі есеп бойынша 50 га алқапқа егілген "Астана 2000" сорты жиналды, бұл жалпы егістің шамамен 30 пайызы.
Айта кетейік, "Астана 2000" сорты 1019 Н1 (Целинный 213 х Eagle) гибридтік жиынтығынан жеке-әулеттік сұрыптау әдісі арқылы алынған.
Медикум түршесіне жатады. Дәні эллипстік пішінде, ірі. 1000 дана дәннің салмағы - 47,3-50,1 г. Сабағының биіктігі мен қалыңдығы орташа, іші қуыс. Тік өседі.
Арпаның бұл сортының пісуі орта мерзімде, иілгіш, ылғалды жақсы қабылдайды, құрғақшылыққа төзімді, оңайлықпен құлап-жапырыла бермейді, тозаңды қаракүйеге қарсы төтеп береді, қатты қаракүйемен сирек зақымданады.
Сорт жоғары өнім береді, байқау мақсатындағы сынақта өнімділігі 46,2 ц/га-ны құрады, бұл - Целинный 30 стандартынан 6,4 ц/га-ға жоғары көрсеткіш.Астана 2000 сорты 2006 жылдан бастап - Солтүстік Қазақстан облысында, 2009 бастап Ақмола облысында стандарт. Төгіліп-шашыла бермейді, мал азығындық сорт болып есептеледі. Өсіріп-баптау агротехникасы қарапайым - нақты топырақтық-климаттық аймақта орта мерзімде пісетін сорттарға ұсынылатын кеңестер пайдаланылады. 2005 жылдан бастап Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 2010 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында өсіруге рұқсат берілген.скачать dle 12.0
1 129 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх