«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ басқарма төрағасына экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Тіреуов Қанат Маратұлы тағайындалды.


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

Өмірбаян

Тіреуов Қанат Маратұлы 1972 жылы Жамбыл облысы Мойынқұмы ауданы Хантау  бекетінде дүниеге келген.

1994 жылы әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің механики және қолданбалы математика факультетін бітірді.  

2005 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Экономика» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.   

2006 жылы «Аграрлық өндірісті басқарудың тиімділігі (аграрлық кәсіпорындар материалдарында)» тақырыбында кандидаттық диссертация, ал 2009 жылы «Қазақстанның аграрлық секторында корпоративтік басқаруды дамыту» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

2017 жылдың 1 маусымында ҚР ҰҒА Президиумымен ҚР ҰҒА академигіне сайланды.

Еңбек тәжірибесі:

1994-1996 жж. -  Қазақ ауыл шаруашылығы институтының «Информатика және есептеу техникасы» кафедрасының ассистенті;

1996-1998 жж. – ҚазАШИ Ақпараттық-есептеу орталығының директор орынбасары;

1998-2000 жж. - ҚазАШИ Ақпараттық-есептеу орталығының директоры;

2000-2006 жж. – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы;

2006-2008 жж. - Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Экономика және қаржы» факультетінің деканының орынбасары;

2008- 2009 жж. - Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Экономика және қаржы» факультетінің деканы;

2009- 2011 жж. – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры;

2011 жылдан бастап 2022 жылдың қараша айына дейін - Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Бірінші проректоры.

2022 жылдың 2 қарашасынан бастап «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ басқарма төрағасы.

Тіреуов Қанат Маратұлының тікелей қатысуымен сапаны қамтамасыз ету жүйесінің өзіндік тұжырымдамасы әзірленді, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру дамуда, университетті дамытудың басым бағыттары айқындалды.

Оның жетекшілігімен 15 диссертация, оның ішінде 5 PhD докторлық, 10 магистрлік диссертация қорғалды.

Ол 300-ден астам ғылыми еңбектер, оның ішінде 8 оқу құралы (2 ҚР БҒМ грифімен), 4 монография, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аграрлық бейіндегі жоғары оқу орындарының оқу процесінде қолданылатын 20 оқу-әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар жариялады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің сертификаттары бар: «Жоғары оқу орындарында кредиттiк оқытутехнологиясын енгiзу проблемалары», «Болон процесiндегi академиялық ұтқырлық», «Қазіргі кезеңдегi кредиттiк оқыту технологиясын жетiлдiру: оқыту, жеке тұлғаға бейiмдеу және оқу үрдiсiнде студенттердiң рөлiн көтеру», Союза проектных менеджеров ANSIPMIPMBOK, Президенттің интерактивті оқыту бастамасы, Университеттердің Ұлы Хартиясының Обсерваториясы: «Разработка системы зачетных единиц по кредитной технологии по типу европейской системы перевода кредитов (ECTS) в Республике Казахстан», «Тamos Business Learning, «Icet», Ұлттық аккредиттеу орталығы, Қазақстандық сапа ұйымы, Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы.

Шетелдіктағылымдамаданөтіп бірқатар сертификаттар алды: «Internal university quality» (Польша),попрограмме«САМРUS» (Франция), «Technology Transfer and Innovation 2012» (ПрагаЧешскаяРеспублика), «Asian educational training workshop on strategic management in higher education international trends and practices» (2014, Singapore, Hong Kong), «Innovative Teaching and Learning Strategies» (США, 2015ж.)

Мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады, «AMANAT» ХДП мүшесі болып табылады.

ҚазақстанРеспубликасыПрезидентініңжәнеАлматықаласыәкімдігініңалғысхаттарыбар.

«ЖООүздікоқытушысы» мемлекеттікгрантыныңиегері (2010 ж.), «Почетный работник образования Республики Казахстан» (2011ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.), «ҚР Қарулы Күштерінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалімен (2012 ж.), «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен (2015 ж.), А. Байтұрсынов атындағы алтын медалімен (2011 ж.), Қазақстан Республикасының  «Құрмет» орденімен (2016 ж.) марапатталған.

Ақпарат Төмендегі сілтеме арқылы алынды: 

https://kazatu.edu.kz/kz/news/s-sejfullin-atyndagy-kazak-agrotehnikalyk-universiteti-keak-baskarma-tragasyna-ekonomika-gylymdaryny-doktory-professor-kazakstan-respublikasy-lttyk-gylym-akademiasyny-akademigi-tireuov-kanat-maratly-tagajyndaldy​​​скачать dle 12.0
850 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх