FOLUR жобасының өкілдері А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдарымен кездесті
Жаңалықтар

FOLUR жобасының өкілдері менеджер Адамбек Нуржан, қаржылық талдаушы Биржан Евниев және техникалық кеңесші Алексей Моргунов жұмыс сапарымен А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында болды.
Кездесу барысында Басқарма Төрағасы Савин Тимур Орталық ғалымдарының дәнді, дәнді-бұршақ, майлы және мал азығы дақылдарының өсіру технологиясын әзірлеу және жаңа сорттарды құру бойынша қолданбалы зерттеулері туралы айтып берді. Ғалымдармен БҰҰДБ-ЖЭҚ "Ауыл шаруашылығы өндірісінің орнықты жүйесін ілгерілету және Солтүстік Қазақстан ландшафтының экожүйелерін сақтау" (FOLURI) жобасы шеңберінде ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Қорытындылай келе, ғалымдар нәтижелі тәжірибе алмасуға ықпал ететін және аграрлық ғылымның дамуына жаңа серпін беретін жоспарланған зерттеулердің маңыздылығын атап өтті. Бұл ғылыми бастамалар, ең алдымен, ғылым мен агробизнестің тығыз серіктестігіне ықпал ететіні анық.

201 -рет қаралды