А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ЖШС Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары тағайындалды
Жаңалықтар

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Едигенов Темиржан Канатович"А.И. Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымына сайланды.
Темиржан Канатовичтың мемлекеттік басқару жүйесінде және қаржы-экономикалық салада айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар. Еңбек жолын 2001 жылы Ақмола облысы Шортанды ауданы Салық комитетінің бас маманы қызметінен бастады.

Әр жылдары Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының салық комитеттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде (2001-2010 жж.) түрлі қызметтер атқарды.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас сарапшысы, кейін ҚР Премьер — Министрі Кеңсесінің бас инспекторы (2010-2013 жж.) болып жұмыс істеді.
2013 жылдың ақпанынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімі қызметін атқарды. 2019 жылдың сәуір айынан бастап Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары болды.
Жинақталған басқару тәжірибесі, стратегиялық ойлау және әлеуметтік-экономикалық процестерді терең түсіну Темиржан Канатовичке Орталықтың өндірістік қызметін тиімді ұйымдастыруға, астық шаруашылығы саласындағы басым міндеттердің орнықты дамуы мен іске асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ЖШС ұжымы Темиржан Канатовичті жаңа жұмыс орнына тағайындалуымен құттықтайды және жемісті жұмыс пен жаңа кәсіби жетістіктер тілейді.
63 -рет қаралды




















